Munarmedia.kz 24.02.2026 /Astana/Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін теміржол қатынасы күшейтіледі. Мереке күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты Астанадан еліміздің әр өңіріне қосымша пойыз вагондары тіркеледі.
Ресми мәліметке сәйкес, 8 наурыз мерекесіне орай әртүрлі бағыттар бойынша 122 қосымша вагон іске қосылады. Бұл солтүстік, оңтүстік, батыс өңірлер мен қала маңына қатынайтын рейстерді қамтиды. Нәтижесінде шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік туады.
Қосымша вагондар ең сұранысқа ие бағыттарға тіркеледі. Атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын пойыздар күшейтіледі.

Мамандардың айтуынша, көктемнің алғашқы мерекесінде азаматтар туыстарына барып, демалысқа шығуды жиілетеді. Сондықтан билеттерге сұраныс айтарлықтай өседі. Қосымша вагондар жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, билет тапшылығының алдын алуға бағытталған.
Теміржол билеттерін теміржол кассаларынан, ресми онлайн-платформалардан және мобильді қосымшалар арқылы сатып алуға болады. Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек рәсімдеу ұсынылады.