Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ағам да, құдам да жоқ – бұрынғы спорт шенеунігі сотта соңғы сөзін айтты

53



Бүгін, 13 қыркүйекте Астанада спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиевтің ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бұрынғы шенеунік үкім шығарар алдында соңғы сөзін сөйледі.

– Құрметті сот, сенің мені ақтасаңыз екен. Сот процесі өтті, еш дәлел болған жоқ. Тергеу процесі басталған кезде мен немқұрайлығым үшін кінәлі екенімді айттым. Мен мұны мойындаймын, ал қалған бөліктерін мойындамаймын, - деді ол.

Ерғалиев соттың назарын еңбек жолына аударды. Оның айтуынша, ол өмір бойы мансап жолымен адал әрі өз күшімен жүрген. Бұрынғы спорт функционері ойында қылмыстық пиғылы болмағанын айтады.

– Мен әрқашан мемлекет пен спорттың игілігі үшін жұмыс істедім. Мен ауылдан шыққан адаммын. Ағам да, құдам да жоқ, Мен спортшыдан спорт министрлігінің қызметкеріне дейін көтерілдім. Ақылыммен жеттім. Менде марапаттар, алғыс хаттар жетеді, өйткені мен елде ұлттық спорт түрлерін дамыттым.