Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Әлем елдері азаматтарын Ливаннан кетуге шақырды

56


Әлем елдерінің барлығы Таяу Шығыста орын алған қауіпті жағдайға байланысты «кез-келген әдіс тәсілдермен» Ливаннан кетуге шақыруда. Бұл туралы Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Қазақстан, Ресей т.б мәлімдеді. Иран билігі ХАМАС көшбасшысы Исмаил Ханияны  өлтірген Израиль билігіне «қатаң» соққы беретінін мәлімдеді.Бейрутта Хезболла командирі Фуада Шукраны өлтіргеннен кейін, бірнеше сағаттан соң орын алды. Кеше әлемнің көптеген елдерінде Исмаил Ханияның жаназасы өтіп, миллиондаған мұсылман қатысты. Иран қаржыландыратын «Хезболла» ұйымы Израильге соққы беруде басты рольде атқарады. Бұған көптеген террорлық әрекеттерімен белгілі болған «Хезболла» ұйымының соғыс әрекетіне араласуынан әлем елдері қауіптеніп отыр. Жақында Түркия Президенті Ердоғанда Иранды қолдайтынын жеткізген еді. Бірқатар ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, АҚШ-тың әскери күштері Израильге кемелер жіберсе, Ресей қарулы күштері Иранға «Искандер» баллесткалық ракеталарын жіберді дейді.

Таяу Шығыста үшіншідүниежүзілік соғыс орын алуы мүмкін деген қауіп жоқ емес.