Munarmedia.kz /Астана/ 9шілде 2025 жыл
Бұл бастаманы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху көтерді. Associated Press агенттігінің мәліметінше, ол бұл туралы Трамппен Ақ үйдегі кешкі аста мәлімдеген, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Израиль үкіметінің басшысы Трампты әлемнің әртүрлі аймақтарында «бейбітшілікті орнатуға ықпал етіп жүр» деп атап, мұндай сыйлыққа лайық екенін айтты.
Өз кезегінде Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты оптимистік пікір білдіріп, Иран билігінің бүгінде Америка мен Израильге құрметпен қарайтынын алға тартты. Оның айтуынша, бұл — аймақта бейбіт келісімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды фактор.
Айта кетейік, Трамп президенттік мерзімі кезінде бірнеше араб елі мен Израиль арасында дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге түрткі болған. Алайда бұл бастамалар халықаралық қауымдастық арасында әркелкі пікір тудырған.