Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

АҚШ-та кінәсі толық дәлелденбеген имам өлім жазасына кесілді

40



Миссури штатында қоғамдық наразылық тудырған АҚШ-тың сот төрелігі жүйесінің әділдігіне қатысты сұрақтар тудырған күмәнді  оқиға болды. 55 жастағы имам Марселлус «Халифа» Уильямсты адам өлтірді деп айыптған болатын. Алайда  сарапшылар оның кінәлі екеніне күмән келтіруде.

Қорғаушылар Миссури Жоғарғы сотынан «жан-жақты тексеру» үшін  өлім жазасы үкімін кейінге қалдыруды сұрағанына қарамастан оны сот шешімі шыққан күні жазалады.

Уильямстың адвокаттары сот процесіндегі көптеген қателіктерді көрсетіп, алқабилерді таңдаудағы нәсілдік кемсітушіліктің орын алғанына назар аударды. Олар қара нәсілді алқабилердің сот отырысына қатысуына рұқсат етілмегенін, бұл істің нәтижесіне әсер етуі мүмкін екенін алға тартты.

Сент-Луис округінің прокуроры Уэсли Белл де ДНҚ-ның жаңа дәлелдерін келтіре отырып, Уильямстың кінәсіне күмән келтірді. Алайда штаттың Жоғарғы соты істі қайта қарау немесе орындауды жою туралы өтінішті қабылдамады