Munarmedia.kz | 15.06.2025 /Астана/-14 маусым күні АҚШ-тың астанасы Вашингтонда АҚШ армиясының 250 жылдығы мен Дональд Трамптың туған күніне орай ауқымды әскери парад ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен 6 600 әскери қызметкер, 150-ден астам әскери техника, сондай-ақ ондаған әуе кемелері қатыстырылды. Парадтың маршруты Пентагоннан бастап Ұлттық аллеяға дейін созылды.
🪧 Дәл сол күні АҚШ-тың 2 000-нан астам қаласында No Kings («Патшаларға жол жоқ») қозғалысының акциялары өтті. Бұл қозғалыстың ұйымдастырушылары авторитаризмге және әскерді саяси мақсатта пайдалануға қарсы шықты.
БАҚ-тың бағалауынша, бұл акцияларға миллиондаған адам қатысқан. Лос-Анджелес, Миннеаполис және Солт-Лейк-Сити сияқты бірнеше қалада полициямен қақтығыстар мен атыстар тіркелді.