Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

АҚШ-тың Өзбекстанға саяси ықпалы күшейіп келеді.

52


АҚШ және Өзбекстан қорғаныс салалары арасында 2023 жылы  әскер ақпараттарды қорғау жөніндегі келісім ратификацияланды. 2023 жылдан бастап АҚШ-тың ықпалы Өзбекстанның әскери саласына күшейіп келеді. 2022 жылы АҚШ Өзбекстанға 46 әскери ұшақтар мен вертолеттар және «Polaris MRZR» автокөліктерін берді.

Өзбекстанның «Benkam» компаниясы арқылы американың «Lippert» компаниясы арқылы АҚШ-тың әскери базаларымен техникалырн нығайтуға арналған тауарлар өндіріп, жеткізіп отырады. Бұл жағдай орталық Азия елдеріне өз ықпалын жүргізігісі келетін Ресей мен Қытайға үнап тұрған жоқ. Ауғанстан тарапынан болуы мүмкін қауіпті сылтауратқан Өзбекстанда  АҚШ әскери базалары орналастарылды деген ұзынқұлақтың әңгімесі әлі де болса тыңшымай отыр.

2001-2005 жылдары Ханабад аэродромында АҚШ-тың әскери базасы орналасқан еді. ОЛ жерде С-130 әскери ұшақтары мен ондаған әсери вертолеттер мен 1,5 мыңға жуық әскери қызметкерлер болды.
Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі елдің әскери доктринасы бойынша ел аумағында ешқандай шетелдік әскери күштер Өзбекстан аумағында орналаспаған және болуы мүмкін емес деп мәлімдегенімен АҚШ пен ӨЗбекстан арасындағы әскер  қатынас құпия түрде сақталғаны белгілі болып отыр. Алдағы уақытта Өзбек елі НАТО құрылымының әскери саяси нысандарында шетелдік әскери базалар орналасуы мүмкін екені белгілі болды.

АҚШ Өзбекстанды  Орталық Азияны бөлшектеу арқылы Қытай, Ресей және Иранмен шекараласатын елде әскери базаларын орналастыру арқылы «екінші фронт» ашуға мүмкіндік ретінде қарастырып отыр. Өзбекстан өз кезегінде АҚШ әскери блогын өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күш ретінде қарастырып отыр. Бұл мәселе бойынша 2023 жылдың соңында халықаралық даму Агенттігінің әкімшісі
(USAID) Саманта Пауэр келіп, ортақ жоба қолға алды.

 

АҚШ пен байланысты нығайту жұмыстарын Өзбек президенті Шавкат Мирзеевтің қызы Санда Мирзеева қолға алып отыр.

2024 жылы Өзбекстанға әскери нұсқаушыла туралы ақпарат Ресейді қатты алаңдатқан болатын. АҚШ қорғаныс саласының мамандары Өзбек әріптестеріне заманауи технологияны қолдану әдіс тәсілдерін үйретіп, тренингтер мен оқу-жаттығулар өткізіп келеді. Осыған байланысты Ресей дипломаттары АҚШ-тың мақсаты өзінің геосаяси ықпалын нығайту мақсатында және НАТО-ның ықпалын Орталық Азияда күшейтуді жоспарлап отыр деп мәлімдеген еді.