Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

АҚШ үкіметі тарапынан Марк Цукербергке қысым жасаған

30

Meta корпорациясының басшысы Марк Цукерберг АҚШ үкіметі Facebook-ке COVID-19-ға байланысты контентті цензуралауды талап етіп, қысым жасады деді

Бұл туралы Bloomberg жазды. Шенеуніктер платформадан COVID-19-ға байланысты контентті, соның ішінде ол жайлы әзіл мен сатираны өшіруді я шектеуді талап еткен.

Цукерберг АҚШ үкіметінің қысымын қате деп бағалап, оған бұған дейін қарсы тұрмағанына өкініш білдірді. Facebook-тің негізін қалаған ол Meta корпорациясы алда мұндай қысыммен күресуге дайын деді.

2021 жылы тамызда Meta компаниясы дүниежүзіндегі эпидемия кезінде Facebook пен Instagram-да COVID-19 туралы жалған ақпарат тарату ережесін бұзған 20 миллионнан аса жазбаны өшіргенін айтқан.