Ақшаңыз сізден бұрын ұйықтап, сізден кеш оянып жүрсе, бұл оның жұмыс істемейтінінің белгісі. Оны жай қолданып қана қоймай, өзіңізге қызмет ететін құралға айналдыру қажет.
Айталық, сізде 1 миллион теңге бар.
Сіз оны қысқа мерзімдік ләззатқа – сәнді заттарға, той-томалаққа немесе демалысқа жұмсадыңыз делік.
Ал егер дәл осы соманы жылдық 17% табыстылықпен (Home bank) депозитке салсаңыз, бір жылда 170 000 теңге табасыз.
Ақшаны жұмысқа жегу – бұл сіздің қаржылық сауаттылығыңыздың көрсеткіші. Табысыңыздың бір бөлігін тұрақты түрде инвестициялап отыру – болашақта үлкен қаржылық еркіндікке апарар жол.
Ақшаңыз сіз үшін кіріс әкелген сайын, сіздің уақытыңыз да, мүмкіндігіңіз де көбейеді.