Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

«Arqymaq.kz-ке 10 жыл

77


 

АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ – Кеше астанадағы Ұлттық Академиялық кітапханада белгілі журналист Ержан Жаубай басқаратын «Арғымақ.кз» сайтына 10 жыл тоуына орай салтанатты шара өтті. Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер Ұлттық спорт саласындағы мекемелердің басшылары қатысты. Ержан Жаубайұлы осында он жыл бұрын қазатың қасиетті жануарларының бірі саналатын жылқы малын зерттеуге арналған сайт ашқан болатын. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу жұмысын қолға алған бауырымыз, ешкімнен көмек күтпестен он жыл бойы атқарған ісі өз жемісін берді. Мүны шараға қатысқан ҚР Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ғалым-лингвист Шерубай Құрманбайұлы, жазушы-этнограф Бекен Қайратұлы, қоғам қайраткері Баяжума Асылбек т.б басқалар қатысып тұщымды ойлар мен ұсыныстар білдірді.

Жалпы алғанда елімізде түрлі қоғамдық саяси, әлеуметтік саладағы жаңалықтарды жариялайтын сайттар көп болғанмен ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді насихаттайтын интернет порталдар мемлекет тарапынан қолдау таппайтыны өкінішті.

Тіпті қазақтың атбегілік өнеріне қатысты мақал-мәтелдер жинағын төрт жыл бойы мәдениет және ақпарат министрлігіне жүгіріп жүріп, бесінші жылында әзер мемлекеттік тапсырыспен шығарғанын естігенде таң қалдық.

Қазақтың болмысын, болашағын қалыптастыратын осындай іргелі жобаларға қолдау көрсетіліп, болашақ ұрпағымыздың ұлттық қасиеттерін бағалап өссе екен деген арман ниетімізді айтып өттік.

Кеш соңында «Ұлттық спорт қоры» басшылар сайт ұжымын құттықтап сый-сияпаттарын жасап, алдағы уақытта қолдап отыратындықтарын тілге тиек етті.