Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Атамбаевты ұстау операциясы Жээнбековпен келісілген — Қырғызстан ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Опумбаев

40



Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы төрағасы Орозбек Опумбаев экс-президент Алмазбек Атамбаевты Қой-Таш ауылындағы үйінде ұстау операциясы сол кездегі президент Сооронбай Жээнбековтің келісімімен жүргізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 2 желтоқсан күні Бішкектегі Первомай аудандық сотында Қой-Таш оқиғасы бойынша өткен сот отырысында куәгер ретінде айтты, деп хабарлайды «Ачуу Чындык».


Опумбаевтың айтуынша, Қырғызстан Ішкі істер министрлігі (ІІМ) ҰҚМК-ға Атамбаевты тергеуге жеткізуге өтініш білдіргеннен кейін, операция ұйымдастырылған. Сот отырысы барысында ол операцияны жүзеге асырудың бірнеше нұсқасын ҰҚМК төрағасының орынбасары Талантбек Салиев пен «Альфа» арнайы жасағының басшысы дайындағанын түсіндірді. Сол нұсқалардың бірі телефон арқылы Жээнбековпен келісілген. Алайда операция барысында қару қолдану жоспарланбағанын Опумбаев атап өтті.


Экс-президент Сооронбай Жээнбеков пен оның жақтастары бұл мәлімдемеге әзірге пікір білдірген жоқ.


2019 жылғы 7 тамыз күні «Альфа» арнайы жасағы экс-президент Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйіне шабуыл жасады. Бұған дейін саясаткер ІІМ-нің бірнеше рет тергеуге шақыртуына жауап бермеген. Шақырту Азиз Батукаевты заңсыз босату ісіне байланысты болған. Арнайы жасақ Атамбаевты ұстауға тырысқанымен, бұл әрекет сәтсіз аяқталып, олар экс-президенттің үйінде қалуға мәжбүр болды. Билік саясаткер мен оның жақтастарын тұтқындарды кепілге алды деп айыптады.


Келесі күні, 8 тамызда, ІІМ операцияға қосылды. Ол кезде ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған Курсан Асанов келіссөздер жүргізіп, Атамбаев оған еріп, ҰҚМК-ға баруға келісім берді. Сол жерде экс-президент ұсталды. Сонымен қатар, кепілге алынған «Альфа» арнайы жасағының қызметкерлері босатылды.


2020 жылғы 5 қазанда парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразы азаматтар «Ала-Тоо» алаңына жиналды. Кешке ашулы халық Ақ үй ғимаратына қарай бет алған. Сол кезде күштік құрылымдар тарату операциясын бастағанымен, бұл әрекет нәтижесіз болды.


Кейін ҰҚМК басшысы Орозбек Опумбаев пен сол кездегі ішкі істер министрі Кашкар Джунушалиев жоғалып кетті. Біраз уақыттан соң олар іздеуге жарияланды. Ресми түрде олардың іздеуден алынып алынбағаны хабарланбаған.