АСТАНА. 10.05.2026. Munarmedia.kz — Атырау облысында арнайы мақсаттағы бөлімшеде (СОБР) қызметтік тексеріс нәтижесінде тәртіптік шаралар қабылданды.
Бұл туралы Ақ Жайық басылымына Нұржан Шаеденов хабарлады.
Тексеру барысында Атырау СОБР-ында қызметтік этика талаптарының бұзылғаны анықталған. Соның нәтижесінде тәртіптік комиссия рота командирі Нұрбахыт Басаров қызметінен босату туралы шешім қабылдаған.
Сонымен қатар, тағы екі лауазымды тұлға — рота командирі Ерік Карабаев және СОБР командирі Еркебұлан Сапанов — «қызметтік міндеттерге толық сай келмейді» деген ескерту алған.
Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар ішкі тәртіпті күшейту және қызметтік этиканы сақтау мақсатында қабылданып отыр.
#Атырау
#Полиция
#СОБР
#ҚызметтікТексеру
#Тәртіп
#Munarmedia