48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық кезеңде екі бірдей әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен Санжар Тәшкенбайдың жекпе-жегі жоспарланған. Ал Сәкен Бибосынов Нұрсұлтан Алтынбекпен халықаралық турнирдің алтынын сарапқа салуы керек еді. Алайда Сәкен мен Санжар жарақатына байланысты финалда өнер көрсете алмайды. Бұл туралы бокс федерация өкілдері хабарлады.
“Бүгін финал. Кешегі жартылай финал кездесулерінде Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов жарақат алып қалды. Қабақтары жарылған. Ауруханаға алып барып, рентген түсірдік. Кейін жарақатты тігіп тастадық. Сондықтан екеуі де бүгін өнер көрсетпейді. Дәрігерлер штабы оларды жарыстан алып тастады", - деді дәрігер Талғат Қуқанов.