Ахметжановқа қатысты мәлімдеме әлеуметтік желіде тарады

286


Munarmedia.kz 23.07.2026. ASTANA – Әлеуметтік желілерде қоғам белсендісі , ҚР Құрылтайына депутаттығына үміткер, саясаттанушы, публицист Баяжума Асылбек өзінің жалғыз баспанасынан айырылуы мүмкін екенін айтып, Ақмола облысының бұрынғы әкімі Марат Ахметжановқа қатысты мәлімдеме жариялады.

Автордың айтуынша, ол ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте еңбек еткен және қазіргі таңда «Байтақ» жасылдар партиясының қатарында қоғамдық қызмет атқарып жүр. Оның сөзінше, қызметтен кеткеннен кейін қиын жағдайда партия төрағасы Азаматхан Әміртаев қолдау көрсетіп, жұмысқа орналастырып, тұрғын үйі мен кеңсе шығындарын өз қаражаты есебінен өтеген.


Мәлімдемеде автор мемлекеттік қызметте жүрген кезінде халықтың өтініші негізінде заң талаптарына сәйкес алған үш бөлмелі пәтерін қайтару жөнінде мәселе көтерілгенін алға тартады. Ол мұндай шешімнің әділетсіз екенін айтып, тұрғын үйінен айырылған жағдайда отбасымен бірге жалдамалы пәтерге көшуге мәжбүр болатынын жеткізген.


Сондай-ақ ол алдағы Ұлттық құрылтай жұмысына қатысып, қандастардың, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың және әлеуметтік мәселелердің шешілуін көтергісі келетінін мәлімдеді.


Жазба соңында автор өзінің мемлекетке және Президентке адал екенін атап өтіп, қоғамды «Байтақ» партиясын қолдауға шақырған.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы әкімдігі немесе мәлімдемеде аты аталған тұлғалар бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан жарияланған ақпарат әлеуметтік желідегі автордың жеке ұстанымы ретінде қарастырылуы тиіс.

#Munarmedia #ASTANA #Ақмола #Баспана #МаратАхметжанов #Байтақ #АзаматханӘміртаев #Қоғам #ҰлттықҚұрылтай #Қазақстан