Ақмола облысының Егіндікөл ауданында 1 қыркүйек білім күніне орай Егіндікөл ауданының
прокуратурасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және «BAYTAQ» партиясының
аудандық филиалы өкілдері
республикалық «Мектепке жол» акциясына белсене қатысты.
Қайырымдылық шарасының
басты мақсаты – жаңа оқу жылының табалдырығын аттағалы отырған балаларды оқу
құралдарымен, мектеп формасымен, аяқ киіммен және өзге де қажетті тауарлармен
қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар акция қоғам назарын жас ұрпақтың сапалы білім алуына, оларға
қамқорлық көрсетудің маңызына аударуды көздейді.
Мектеп табалдырығын қуанышпен аттайтын бүлдіршіндерге көрсетілген қолдау – олардың болашағына қосылған қомақты үлес екені рас. Шара барысында ата-аналарға да ерекше көңіл бөлініп, білім беру саласының өзекті мәселелеріне назар аударылды.