Барселона маңында автобус 20 метрлік жардан құлап, 80-ге жуық адам зардап шекті

11

Munarmedia.kz. 27.10.2026. ASTANA —Испанияның Каталония аймағында жеңіл автокөлікпен соқтығысқан автобус жолдан шығып кетіп, биіктігі 20 метр болатын жардан құлаған. Апат салдарынан 80-ге жуық адам зардап шегіп, олардың төртеуі ауыр жарақат алған.

Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні кешке Монтсени табиғи паркінің аумағында, Фогарс-де-Монтклус муниципалитетіне жақын орналасқан BV-5114 тау жолында болған. Автобус Сант-Селони мен Фогарс-де-Монтклус елді мекендері арасында тұрақты бағыт бойынша жолаушылар тасымалдаған.

Каталонияның шұғыл медициналық көмек қызметінің мәліметінше, 18 адам орташа дәрежеде жарақат алған. Тағы ондаған жолаушы жеңіл жарақатпен медициналық көмекке жүгінген.

Зардап шеккендердің барлығы аймақтағы ауруханаларға жеткізілген.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеді

Апат орнына көптеген жедел қызмет мамандары жұмылдырылды. Құтқару жұмыстарына өрт сөндірушілер бригадалары, шамамен 15 жедел жәрдем көлігі және екі медициналық тікұшақ қатысқан.

Сонымен қатар зардап шеккендер мен олардың туыстарына көмек көрсету үшін арнайы қабылдау пункті ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы туралы толық ақпарат берілмеген.

#Испания #Барселона #ЖолАпаттары #АвтобусАпатЫ #Құтқарушылар #ӘлемЖаңалықтары #Munarmedia