Сирияда үкіметке қарсы қарулы топтар Дамаскіге кіріп, қаланы "азат еткенін" мәлімдеді деп хабарлады "Әл-Хадас" арнасы. "Хайят Тахрир әл-Шам" тобының жетекшісі Ахмед әш-Шара босқындарды “азат Сирияға” оралуға шақырған.
Асад үкіметінің премьер-министрі Мұхаммед Қазы әл-Жалел “Сирия халқы таңдаған кез келген басшылыққа билікті бейбіт түрде тапсыратынын” мәлімдеді.
“Сирия көрші және әлем елдерімен жақсы қарым-қатынас орнататын қалыпты ел бола алады. Бұл Сирия халқы таңдаған басшылыққа байланысты болады. Біз келген билікпен әріптестік орнатуға дайынбыз” деді премьер-министр.
Башар Асадтың қайда екені белгісіз. Reuters-дің жазуынша, Дамаск әуежайынан ең соңғы ұшып шыққан Syrian Air әуе компаниясына тиесілі Ил-76 ұшағы Тартус жаққа қарай бағыт алып, Хомс маңынан өткенде қайта бұрылып, күрт құлдилап, бірнеше минуттан соң радардан жоғалған. Reuters-тің жазуынша, ұшақта Башар Асад болған болуы мүмкін.