Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

БҰҰ: 2022 жылдың ақпанынан бері Украинада 12 162 бейбіт тұрғын қаза тапты

38



2022 жылдың ақпан айынан бастап, яғни Украина аумағындағы қарулы қақтығыс басталғалы бері кемінде 12 162 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (УВКПЧ) ресми өкілі Джереми Лоуренс Женевадағы брифингте мәлімдеді.

Лоуренс қақтығыс басталғаннан бері 1000 күн өткенін атап, бұл кезеңді «қасіретті бетбұрыс» деп атады.

«Біздің кеңсе 2022 жылдың 24 ақпанынан бері 12 162 бейбіт тұрғынның, соның ішінде 659 баланың қаза тапқанын растады. Сондай-ақ кемінде 26 919 адам жарақат алды», – деді ол.

Лоуренс қақтығыс барысында және оккупацияланған аймақтарда адам құқықтарының бұзылуы күнделікті құбылысқа айналғанына назар аударды.

«Біз барлық тараптарды бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге шақырамыз», – деді ол.

Сонымен қатар, УВКПЧ өкілі құқықбұзушылық туралы мәлімдемелер болған жағдайда толық және бейтарап тергеу жүргізу үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Лоуренс БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктің Ресейге «шабуылдарды дереу тоқтатып, Украинадан әскерлерін шығаруға» тағы да шақырғанын еске салды.