Чехияда 270 жылдық тарихы бар сыра зауыты жабылады

49

Munarmedia.kz.01.11.2026.ASTANA-  Чехиядағы ең көне сыра зауыттарының бірі – Velké Březno өндірісін тоқтатады. Елдің солтүстігіндегі аттас елді мекенде орналасқан кәсіпорында сыра 1753 жылдан бері үздіксіз өндіріліп келген. Ал бұл аймақта сыра қайнату тарихы 1606 жылдан басталады.

Heineken Czech Republic өкілі Роберт Кичинаның Ústecký deník басылымына хабарлауынша, 2026 жылы зауыт өндіріс көлемін біртіндеп қысқартқан. Енді қалған өндірістік қуаттар да толық тоқтатылады.

Алайда кәсіпорын шығаратын Březňák сыра бренді нарықтан жоғалмайды. Оның өндірісі Heineken концернінің басқа зауыттарына көшіріледі. Чехиялық кәсіпорын бұл компанияның иелігіне 2008 жылы өткен. Бұрынғы зауыт аумағында логистика және сату бөлімдері жұмысын жалғастырады.

Өндірістің тоқтауына Чехияда сыра тұтыну көлемінің азаюы, энергия мен шикізат бағасының өсуі себеп болған.

Осындай жағдай Германиядағы сыра зауыттарында да байқалады. 2025 жылы елде сыра тұтыну шамамен 6 пайызға төмендеген. Ал 2026 жылы сатылым көлемі одан әрі қысқарған.

Сұраныстың азаюы мен баға бәсекелестігі салдарынан тарихы бірнеше ғасырға созылған кәсіпорындар да жабылуға мәжбүр. Мәселен, Мангейм қаласындағы 350 жылға жуық тарихы бар Eichbaum сыра зауыты 30 қыркүйекте өндірісін тоқтатты. Ал Төменгі Саксониядағы 165 жылдық Rupp сыра зауыты банкроттыққа ұшырады.


#Чехия #Германия #СыраӨндірісі #Экономика #Бизнес #Еуропа #ӘлемЖаңалықтары