Мәскеу уақытымен
таңғы үште Ресей Федерациясының астанасына дрондар шабуылы
басталды. Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, әуе қорғанысы екі
сағаттан аз уақыт ішінде ондаған дрондардың шабуылын тойтарған.
«Бүгін түнде
Қорғаныс министрлігінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері 10 дронды атып түсірді.Бұл 2000 жылдан бері алғаш рет Мәскеуге шабуыл жасау әрекеттерінің
бірі. Біз жағдайды бақылауды жалғастырамыз», - деп жазды Собянин өзінің
Telegram-арнасында.
Бүгін таңертең редакция ботына жазылушы SCAT әуе
компаниясының жолаушылары Мәскеуден Алматыға бірнеше сағат бойы ұша алмай
қалғанын хабарлады. Оқырманның айтуынша, тасымалдаушы «әуе аймағын жабылғанын» айтқан.
Дегенмен бұл расында дрондар шабуылы немесе Мәскеудің ойлап тапқан кезекті
құйтырқы әрекеттерінің бірі болуы мүмкін. Себебі басқа да ресми мәліметтерден
кешегі дрон шабуылы туралы ешқандай ақпарат түспеген. Мүмкін түсінде көрген
шығар?