БҰҰ өзінің қызметкерлерін қорғай алмауы, халықаралық жүйені
ұятқа қалдырып, күдік пен күмән келтіреді. Бұл туралы Түркия президенті Режеп
Тайып Ердоған Министрлер кабинетінің қорытынды жиналысында айтты. «Өзін-өзі
қорғай алмай отырған БҰҰ Израильді тоқтату үшін не істеді?» деді Ердоған.
Израильдің Палестинамен Ливанға жасап отырған қанды соғысын тоқтату туралы
Ердоған бірнеше рет маңызды мәлімдеме жасаған болатын. Қазіргі таңда Түркия
Израильге шабуыл жасауы мүмкін деп қауіптенеді.