Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Есірткімен күресетіндер есірткі сатып жүр

24



Есірткі заттарды аса ірі көлемде заңсыз сатқаны және сақтағаны үшін сот полиция майорын 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД .

Іс материалдарынан белгілі болғандай, сотталушы Жамбыл облысы бойынша ІІБ желілік полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы қызметін атқара отырып, бірнеше рет сотталған Тараз қаласынан келген танысы арқылы есірткіні басқа облыстарға өткізген.

«Есірткі арналарын анықтау, ашу және жолын кесу бойынша тиімділік көрсеткіштерін жасанды түрде арттыру мақсатында, одан әрі Щ арқылы үшінші тұлғаларға сатып, артынан оларды ұстау үшін салмағы 1080,03 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затын заңсыз сатып алған», - делінген ауданаралық соттың хабарламасында.


Сотталушының кінәсі дәлелденді, бірақ ол мойындамады. Сот жеңілдететін мән-жай ретінде жас балалардың болуын ескерді