Астана, 30.04.2026 /Munarmedia.kz/ – Германияда Қазақстан азаматы Ресейдің арнайы қызметтеріне жұмыс істеді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Берлин қаласының құқық қорғау органдары хабарлады.
Тергеу деректеріне сәйкес, ұсталған азамат Сергей К. мемлекеттік және әскери инфрақұрылым нысандарына қатысты барлау сипатындағы әрекеттерге қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген.
Атап айтқанда, ол Берлиндегі үкіметтік ғимараттарды және саясаткерлердің көліктерін түсірген, сондай-ақ автобандарда қозғалып бара жатқан әскери колонналарды, соның ішінде НАТО құрамындағы елдердің бірінің колоннасын да фотоға түсіргені айтылуда.
Сонымен қатар тергеу мәліметтерінде оның Германияның қорғаныс саласы, Украинаға әскери қолдау көрсету барысы және дрон өндіруші компаниялар туралы ақпарат жинағаны көрсетілген.
Құқық қорғау органдарының бағалауынша, күдікті ықтимал диверсиялық әрекеттер үшін нысандарды іріктеумен айналысып, мұндай топқа адамдар тарту мүмкіндігін де қарастырған.
Тергеу болжамына сәйкес, ол кемінде 2025 жылдың мамыр айынан бері Ресейдің барлау құрылымдарымен байланыста болған.
Алдағы уақытта күдікті Германияның Федералдық соты жанындағы тергеу судьясына жеткізіліп, оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу мәселесі қаралуы мүмкін.
Қазақстандық БАҚ өкілдері бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме алу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі-не сұрау жолдаған.
#Астана #Германия #Шпиондық #Сот #ХалықаралықҚұқық #НАТО #Қазақстан #Munarmedia