Бұл жөнінде Ливанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Көлік министрі Әли Хамиенің сөзінше, кемінде 23 адам із-түзсіз жоғалған.
Жұма күні ираншыл "Хезболла" (АҚШ және бірқатар елдерде террористік ұйым деп танылған) тобы соққының салдарынан топтың 16 мүшесі опат болғанын айтты. Арасында жоғары лауазымды қолбасшылар Ибрагим Акиль және Ахмед Вахби де бар.
Израиль қорғаныс министрінің сөзінше,олардың қазасынан кейін "Хезболланың" әскери тізбегі іс жүзінде толық бұзылған".