"Аталған қор басшысының ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпараттан соң осындай шешім қабылданған шығар. Жалпы, бұл жағдайда қордың барлық донаттары сияқты Kaspi де зардап шегуші. Себебі олар бұл қорға 600 млн теңгеден астам ақша аударған. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін құрылған бұл қайырымдылық қорына қатысты жағымсыз оқиға "Қазақстанда алаяқтық деген керемет гүлдеп-өркендеп тұрғанының" тағы бір дәлелі. Ең бастысы, мұндай ұйымдарды қаржыландыру бөлігіне қатысты бізде мықты комплаенс (тәртіпке бағыну,нормаларды бұзбау) жоқтың қасы", - деп жазады қор нарығының маманы Данияр Темірбаев
Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетсек, BizBirgemizQazaqstan қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайраттың көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілініп, ұсталғаны 2024 жылы 14 қарашада белгілі болды.
15 қарашада AMANAT партиясының өкілдері Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорымен ешқандай байланысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.
Бастарын алып қашу процессі басталды.