Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Келесі жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі

35


  
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Осы жылдың қаңтар айынан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, барлық зейнетақылар мен жәрдемақыларды жыл сайынғы индекстеу жүзеге асырылды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ортақ зейнетақыны 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақыны 6,5%-ға жыл сайынғы индекстеу жүзеге асырылатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру жалғасуда», – деді Ұлттық экономика министрі Үкіметте өтіп жатқан брифингте.