Munarmedia.kz 22.04.2026 Көкшетау қаласында 12 дүкен иесі кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатқан үшін жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынып, лицензиясының қолданылуы уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Құқық бұзушылықтар жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында жүргізілген рейдтер барысында анықталған.
Сонымен қатар, бірнеше күн ішінде қалада 88 жасөспірімнің ересектердің қарауынсыз көшелерде және ойын-сауық орындарында жүргені тіркелген. Олардың ата-аналары да жауапкершілікке тартылды.
Полиция кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға, ал ата-аналарды балаларын мұқият бақылауға шақырады.
#Көкшетау #ҚұқықБұзушылық #Жасөспірімдер #Полиция #Қауіпсіздік #Munarmedia #KazinformСтиль