Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Лионель Месси Америка кубогында рекорд орнатты

9
Кездесу барысында аргентиналық құрамадан Хулиан Альварес 49-минутта есеп ашса, Лаутаро Мартинес 88-минутта мергендік танытты. Аталған ойында әлем футболының жұлдызы Лионель Месси нәтижелі пас шығарып берді. Ол аталған турнирде 35 ойын өткізіп, рекорд орнатты. Айта кетсек, ол — Америка кубогында жетінші мәрте қатарынан қатысып жатқан аргентиналық алғашқы футболшы. Аргентина құрамасы Америка кубогында он бес мәрте чемпион атанған. Дәл осындай көрсеткіш Уругвай еншісіне де бұйырып тұр. 2021 жылы өткен Америка кубогында Аргентина кубокты төбесіне көтерген еді. Биыл Америка кубогы 20 маусым мен 14 шілде аралығында АҚШ-тың 14 қаласында өткізіледі. Онда барлығы 16 құрама төрт топқа бөлінген. А тобында Аргентина, Перу, Чили, Канада, В тобында Мексика, Эквадор, Венесуэла, Ямайка, С тобында АҚШ, Уругвай, Панама, Боливия, D тобында Бразилия, Колумбия, Парагвай, Коста-Рика ойнайды. Еске салсақ, 20 маусымда В тобында Испания Италияны 1:0, есебімен жеңсе, С тобында Словения мен Сербия, Англия мен Дания 1:1 есебімен тең түсті.