Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

МӘЛІМДЕМЕ

37



“Украинаның арнайы қызметі Беларусь әскері жаттығу деген желеумен Украина шекарасына әскери күшін топтастырғанын анықтады. Әскери техника, танктер, артиллерия, инженерлік көліктер және басқаны солтүстік шекарамызға жақын Гомель ауданына әкелуде. Сонымен бірге вагнерліктердің де бары анықталды.

Шекара сызығы маңындағы Чернобыль АЭС-іне жақын тұста үлкен әскерді топтастырып, жаттығу өткізу Украинаның ұлттық қауіпсіздігі мен әлемнің қауіпсіздігіне қатер төндіруде.

Беларусь Республикасының шенеуніктерін Мәскеудің қысымымен өз елі үшін трагедияға ұласуы мүмкін қателікті жасамауға шақырамыз. Беларусь тарапын мемлекеттік шекарамызға жақын тұсқа әкелген әскерін әкетуге шақырып отырмыз.

Украина ешқашан беларусь халқына қарсы қандай да бір қастық әрекет жасаған емес, жасамайды да.

Беларусь тарапынан біздің шекарамызды бұзып өту әрекеті тіркелсе, БҰҰ-ның қорғану құқығына сай біздің еліміз барлық қажетті шараны іске асыратынын ескертеміз. Ондай сәтте Беларусьтағы барлық топтасқан әскери күштер мен нысандар, әскерді жабдықтау орталықтары мен қамтамасыз еті маршруттары Украина қарулы күштерінің заңды нысанасына айналады.”

Украина СІМ-інің ресми мәлімдемесі