Күзетшілер тәртіп бұзушыны ұстап, оны зират аумағынан шығарып, полицияның келуін күткен. Кейіннен вандалды полиция бөлімшесіне жеткізді.
Құқық қорғау органдары әйгілі тұлғаның қабірін қиратқан адам туралы жеке деректерді анықтады. Оның 19 жастағы мәскеулік Кирилл К. екені белгілі болды. Алдын ала деректер бойынша, жас жігіт құқық бұзушылық кезінде тыйым салынған заттар тұтынған.
Қабірді қиратпас бұрын ол тележүргізушінің «сол жерде жатуға лайық емес» екенін айтқан.
Марқұмның отбасы мен зират әкімшілігі полицияға арыз жазды. Енді оған үш айға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.