Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Министрлік Паралимпиада жүлдегерінің ипотекасын өтеуге көмектесті

21

Бүгін Цифрлық даму министрлігінің ұжымы Парижде өткен 2024 жылғы Паралимпиадада күміс медаль еншілеген спортшымыз Еркін Ғаббасовты құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еркін Ғаббасовты жеке құттықтап, алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төс белдігімен марапаттады.

«Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиадада оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы», делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік оның ипотекалық қарыздарын өтеуге көмектесу үшін 7 миллион теңгелік сертификат табыстады.