Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Молдовадағы президент сайлауында Майя Санду жеңіске жетті

42



Сайлауға қатысқан сайлаушылардың 54,35% Майя Сандуды қолдаған. Молдованың бұрынғы бас прокуроры Александр Стояногло 45,65% дауыс жинады.

«Молдова, бүгін жеңіске жеттің. Бірлігіміздің, демократиямыздың және лайықты болашаққа деген адалдығымыздың арқасында өз күшімізді көрсеттік», — деп жазды Майя Санду Х әлеуметтік желісінде. 



Майя Санду Молдованы 2020 жылдан бері басқарып келеді. Осы президенттің тұсында ел Еуроодақ кандидаты мәртебесін алды.

Майя Сандудың қарсыласы, бұрынғы бас прокурор Александр Стояногло саясатта Ресеймен қарым-қатынасты қолдайды.