Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Моңғол ұлттық журналистикасының негізі қаланғанына 112 жыл

49


Бүгін Моңғолиядағы ұлттық журналистиканың қалыптасуы мен дамуына 112 жыл толды.

1913 жылғы 6 наурызда алғаш рет "Шинэ толь хэмээх бичиг" газетінің жарыққа шығуы Моңғолиядағы медиа-ақпараттық сектордың даму бастауы болып саналады. Бұл газеттің редакторы – ұлы ағартушы Цэвээн Жамсран, тарихи деректер оны моңғол журналистикасының негізін қалаушы деп атайды.

Алайда, бұл күн ресми түрде 1993 жылы өткен журналистер конференциясының шешімімен "Журналистер күні" болып жарияланды.

Журналистиканың алғашқы қадамы болып есептелетін "Шинэ толь хэмээх бичиг" газеті 500 дана тиражбен, шамамен 50 беттік журнал форматында басылып, мемлекеттік мекемелерге таратылған.