НАТО басшылығы Мәскеу мен альянс арасындағы қарулы қақтығыс жағдайында, Ресей аумағына жоғары дәлдіктегі соққылар жасау мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл туралы НАТО Әскери комитетінің төрағасы адмирал Роб Бауэр Брюссельдегі конференцияда мәлімдеді.
«Бізге шабуыл жасаған жағдайда Ресейдің ядролық қондырғыларын алдын ала соққыға алу әлдеқайда тиімді болады. Шабуыл жасау үшін қолданылатын жүйелерді істен шығаратын жоғары дәлдіктегі соққылар комбинациясы қажет, және біз бірінші болып соққы беруіміз керек», — деді Бауэр.
Ол НАТО-ның қару-жарақ қорын толықтырып, әуе қорғанысы жүйелерін және жоғары дәлдіктегі соққылар жасау жүйелерін жаңарту керектігін айтты.