Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

«Олимпиададан қуылды»: Қарсылас командаға тыңшылық жасаған ұлттық құрама жазаға тартылды

58

Мұның салдарынан бас бапкер, оның көмекшісі әрі құрама сарапшысы Парижден қуылып, бір жылға қызметтен шеттетілді.

ФИФА тәрітіп қадағалау комитеті футболдан Канада әйелдер құрамасына жаза тағайындады, деп хабарлайды turkystan.kz ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Канадалықтарға жарыс алдында Олимпиададағы алғашқы қарсыластары Жаңа Зеландия командасының жаттығуын дрон арқылы бақылады деген айып тағылды.

Тексеру нәтижесінде Канада құрамасына 226 мың доллар сомасында айыппұл төлеуге мінддеттелді. Әрі олардан Олимпиаданың топтық турнирінде жинаған көрсеткіштен алты ұпай алынатын болды.

Одан бөлек, құраманың бас бапкері Беверли Пристман мен оның көмекшісі Жасмин Мандер және Олимпиадаға аккредиттелмеген команда сарапшысы Жозеф Ломбарди бір жылға футболмен байланысты қызметтен шеттетілді.

Еске сала кетейік, Канада құрамасы Токиода өткен Жазғы Олимпиада ойындарында чемпион атанған болатын.