Бұл ел тарихындағы бұрын-соңды болмаған оқиға – тергеу органдары қызметтегі президентті тұтқындады.
Бүгін таңертең арнайы тергеу басқармасынан (CIO) 40 тергеуші мен шамамен 200 полиция қызметкері Юн Сок Ёльдің резиденциясына келіп, оның тұтқындалуы туралы ордерді орындауға әрекет жасады. Алайда президенттің қауіпсіздік қызметімен арада тағы да қарсылық туындады.
Президенттік кешен аумағында олар үш қатар қоршауды еңсеріп, мемлекет басшысының күзеті құрастырған көліктер мен автобустардан құралған тосқауылдарды бұзып өтті. Шамамен екі жарым сағаттан кейін полиция мен тергеушілер баспалдақтардың көмегімен ғимаратқа кіруге қол жеткізді.
Оңтүстік Корея Парламенті 2024 жылдың 14 желтоқсанында президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялады. Президент 3 желтоқсанда елде әскери жағдай енгізген болатын. Тергеу басқармасы оған бүлік ұйымдастыру және өкілеттігін асыра пайдалану бойынша айып тағып, 3 қаңтарда тұтқындау ордерін шығарған еді. Алайда сол күні президенттің күзет қызметі оны ұстауға жол бермеген болатын (Коммерсант).