Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Оңтүстік Кореядағы литий батареяларын өндіретін зауытта 20-дан астам адам қаза тапты

18
Оңтүстік Кореядағы литий батареяларын өндіретін зауыттан өрт шығып, 22 адам қаза тапты. Қайтыс болғандар саны мұнан да көп болуы мүмкін екені хабарланды. Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулге жақын Хвасонг қаласындағы литий батареяларын шығаратын зауытта болған өрттен кемінде 16 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды және 6 адам әлі де хабарсыз. Aricell компаниясы басқаратын зауыттағы өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы 10:30 шамасында басталып, түстен кейін сөндірілген. Жергілікті өрт сөндіру қызметінің қызметкері Ким Джин Ен батарея қойма ішінде жарылған кезде өрт басталғанын, бірақ нақты себеп әлі де тергеу үстінде екенін айтты. Бұл оқиға литий батареяларының қауіпсіздігі туралы алаңдаушылық тудырды, өйткені белгілі бір жағдайларда олардың өрт шығу қаупі бар.