Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Париж мэрі Олимпиада ойындары алдында Сена өзеніне түсті

55

Париж мэрі Анн Идальго Олимпиада қарсаңында Сена өзенінің жарыстарға жарамды екенін тексеру үшін суға шомылды, деп жазады ТАСС.

Суға түсу жандармдар мен құтқару қайықтарының, сондай-ақ көптеген БАҚ өкілдерінің бақылауымен өтті. Әкімдіктің мәліметінше, 150 БАҚ қызметкері осы оқиғаны көрсету үшін аккредитациядан өтуді сұраған.

Сонымен қатар, он шақты әуесқой спортшы суға түсті.

Қалалық әкімдік басшысы өзен суларында олимпиадалық жүзу жарыстарын өткізуге барлық жағдай жасалғанына сенім білдірді. 2024 жылдың жазында Олимпиада ойындары аясында Парижде ашық суда жүзу жарыстары (8-9 тамыз) және триатлон кезеңін (30-31 шілде) өткізу жоспарланған.