Munarmedia.kz 09.04.2026 /Astana/ Прокуратура мәліметінше, Аққулы ауданында қатты тұрмыстық қалдықтардың 20-дан астам заңсыз қоқыс орны анықталған. Олардың ешқайсысында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат жоқ.
Тексеру барысында экологиялық және санитарлық талаптардың көптеген бұзушылықтары тіркелген. Атап айтқанда, нормативтік-техникалық құжаттама жоқ, сүзінді (фильтрат) және ағын суларды бақылау жүйесі жолға қойылмаған, сондай-ақ қоқыс газдарының шығарындыларына бақылау жүргізілмейді.
Заңсыз полигондар коммуналдық қалдықтарды бақылаусыз орналастыру салдарынан пайда болған. Ал жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етпеген.
Жалпы айыппұл сомасы 1,7 млн теңгені (шамамен 3,7 мың доллар) құрады.
#Павлодароблысы #экология #айыппұл #қоқыс #заңбұзушылық #прокуратура