Ресейде Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып Ресей президенті В.Путин: "Әлем қарқынды өзгеріп жатқан қазіргі жағдайда Ресей қарулы күштерін дамыту мен нығайту жөніндегі стратегиялық бағытын сақтайды. Біз армиямыздың әскери дайындығы мен жауынгерлік қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз, ұлттық қауіпсіздікті қорғап, мемлекеттің қазіргі және болашақтағы егемендігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етеміз. Әскери арнайы операцияларға қатысып жатқан бөлімшелердің қажеттіліктерін өтеу – басым бағыттардың бірі. Біз нақты ұрыс жағдайларындағы тәжірибеге сүйене отырып, әскерімізді жаңа әрі заманауи қару-жарақпен жабдықтаймыз. Сонымен қатар, сарбаздар мен офицерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға ерекше назар аударамыз", – деді.