Біріккен мәдениеттер форумының пленарлық
отырысында сөйлеген сөзінің соңында Владимир Путин БАҚ өкілдерінің Ресей
Федерациясының аумағында батыстық қару-жарақпен алыс қашықтықтан соққы беру
мүмкіндігі туралы шешіміне қатысты сұрақтарына жауап берді.
«Украинаның Ресей территориясына жоғары
дәлдіктегі батыс қаруларымен соққы беруі НАТО елдерінің соғысқа тікелей
қатысуын білдіреді», - деді ол.
Оның айтуынша,
Украина Қарулы Күштерінің өзі мұндай соққыларды жасай алмайды – Мұндай мүмкіндік
Украинада жоқ.
НАТО спутниктерінің деректерін пайдалану
арқылы ғана жүзеге асуы мүмкін, ал альянстың әскери қызметкерлері ғана «бұл
зымырандарға ұшу миссиясын енгізе алады.
Бұл НАТО елдерінің әскери қақтығысқа тікелей қатысы бары
туралы шешім қабылдауға мәжбүр етеді. », - деді Путин.