Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтен цифрландыру бағытында нақты шеберлік танытуды талап етті.

23

Munarmedia.kz 16.02.2026  Мемлекет басшысы министрлер сұраған көлемдегі қаражат елде жоқ екенін мәлімдеді.

«Бұған дейін барлық ведомство цифрландырумен бірыңғай бақылаусыз, әрқайсысы өз бетінше айналысты. Соның салдарынан техникалық мәселелер туындап қана қоймай, мемлекеттік қаражат негізсіз жұмсалды», — деді Президент.

Ендігі жерде цифрлық трансформацияның негізі QazTech платформасы базасындағы платформалық тәсіл болуы тиіс. Мемлекеттік дерекқорлар бірыңғай цифрлық платформаға көшірілуі қажет.

Үкімет өкілі бытыраңқы жүйелерді біріктіруге қажет қаржы көлемін атағаннан кейін Мемлекет басшысы бұл сомаға қатысты нақты ұстанымын білдірді.

«Бірден айтайын, ондай ақша жоқ және болмайды да. Бір ұмытылмас құрылысшы шенеунік айтқандай: “Ақшамен нысан салуды ақымақ та істей алады, ал қаражатсыз орындау — міне, нағыз шеберлік”. Шеберлік көрсетіңіздер», — деді Президент.