Қазақстан алғашқы аэротаксилерді сыннан өткізді

12


22.05.2026. АСТАНА – Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғаш болып аэротаксиді сынақтан өткізді. Тестілік кезең Алатау қаласында жүзеге асырылды.

Жоба болашақта қаланың заманауи көлік жүйесінің негізі ретінде қарастырылып отыр. Мамандардың айтуынша, аэротакси мегаполистегі көлік жүктемесін азайтып, жолаушылар қатынасын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта әуе бағыттары Алматы халықаралық әуежайы, қаланың іскерлік орталығы мен туристік аймақтарды байланыстыруы мүмкін.

Сарапшылар мұндай технологиялар экологиялық таза көлік жүйесін дамытуға және «ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыруға серпін беретінін атап өтуде.

Алдын ала жоспарға сәйкес, аэротаксиларды өнеркәсіптік деңгейде пайдалану 2029 жылға қарай басталуы ықтимал.

#Қазақстан #Аэротакси #Алатау #Алматы #Технология #Көлік #SmartCity #MunarMedia