Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 152-ге дейін көбейеді

12

Munarmedia.kz. 15.07.2026. ASTANA – Қазақстан мен Қытай азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге келісті. Нәтижесінде екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны аптасына 124-тен 152 рейске дейін ұлғаяды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстаннан тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылатын Қытай қалаларының қатарына Чунцин қосылып, бағыттар саны 11 қалаға жетті.

Келіссөздер барысында тараптар Астана – Шанхай бағыты бойынша тікелей рейс ашу мүмкіндігін және Қазақстан мен Қытай арасында үшінші халықаралық әуе дәлізін құру мәселесін талқылады.

Министрліктің мәліметінше, жаңа әуе дәлізі болашақта қосымша халықаралық бағыттарды іске қосуға, әуе кеңістігін тиімді пайдалануға және екі ел арасындағы рейстер санын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай авиациялық ынтымақтастықты кеңейтіп, көлік-логистикалық байланысты нығайту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

#Munarmedia #ASTANA #Қазақстан #Қытай #Авиация #ӘуеРейстері #Көлік #Шанхай #Чунцин #ХалықаралықҚатынас