Президент Тоқаевтың бастамасымен «Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым» құру туралы келісімге 2023 жылы 13 қазанда Бішкекте қол қойылды. Ұйымның мақсаты – мүше елдер арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту. Орыс тілі БҰҰ-ның ресми тілдерінің бірі екенін ескерсек, бұл ұйымның халықаралық мәртебесі жоғары болмақ.
Мәжіліс келісімді ратификациялап, Сенатқа жолдады.
Бастама ТМД елдері арасында орыс тілінің маңызын арттыруды көздейді.