Munarmedia.kz.29.05.2026.ASTANA-Қазақстанда халыққа несие беру талаптарын күшейту жоспарланып отыр. Ұлттық банк әзірлеп жатқан жаңа ережелерге сәйкес, азаматтардың жалпы қарыз көлемі олардың сегіз жылдық жалақысынан аспауы тиіс.
Жаңа талап күшіне енсе, белгіленген лимиттен асқан жағдайда банк немесе микроқаржы ұйымы қарыз алушыға несие беруден бас тарта алады.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай шектеулерді несие түрлеріне қарай жеке қарастырған жөн. Атап айтқанда, ипотекалық несие, автонесие және тұтынушылық қарыздарға әртүрлі талаптар енгізу ұсынылуда.
Экономистер халықтың шамадан тыс қарызға батуы ел экономикасына және шағын бизнеске кері әсер ететінін айтады. Олардың сөзінше, азаматтардың табысының басым бөлігі несие төлеуге кетсе, ішкі нарықтағы сатып алу қабілеті төмендейді.
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың бір бөлігі жаңа бастаманы қолдап отыр. Көпшілік мұны қаржылық сауаттылықты арттыруға және халықтың артық қарыз алуын азайтуға бағытталған маңызды қадам деп бағалауда.
Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстанда тұтынушылық несиенің көлемі айтарлықтай өскен. Осыған байланысты қаржы нарығын реттеу мәселесі қоғамда жиі талқыланып келеді.
#Несие #ҰлттықБанк #Қазақстан #Қарыз #Экономика #ҚаржылықСауат #Ипотека #Автонесие #Munarmedia