Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандардың әр төртіншісі — мемлекеттік қызметкерлер

67


2024 жылдың басынан бері Қазақстанда 1519 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді.


2024 жылдың қаңтар–қазан айлары аралығында Қазақстан Республикасы сотқа дейіңгі  тергеулердің бірыңғай реестрінде 1,5 мың сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға көп.

Тіркелген қылмыстардың басым бөлігі «Пара беру» бабымен тіркелді: 472 жағдай, яғни барлық қылмыстардың 31,1%-ы. Екінші және үшінші орында «Пара алу» (317 жағдай) және «Жауапты қызметкердің бөтен мүлікті иемденуі немесе жымқыру» (246 жағдай) баптары тұр.

Ең көп тараған басқа қылмыстар арасында сыбайлас жемқорлық алаяқтығы, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және парақорлыққа делдал болу да кездеседі.