Қырғызстанда дәмхана мен мейрамханаларға жаңа талап: сағат 22:00-ден кейін жарық сөнеді

49

Munarmedia.kz 16.11.2025 / Астана Қырғызстанның екі ірі қаласында – Бішкек пен Ошта – көңіл көтеру орындарына түнгі уақытта шектеу қойылды. 13 қараша кешінде қала әкімдері дәмхана, мейрамхана және түрлі ойын-сауық нысандарын аралап, сағат 22:00-ден кейін электр қуатын өшіруді міндеттеді.

Шенеуніктер бұл қадамды қысқы маусымда электр энергиясын үнемдеу қажеттілігімен және «Тыныштық сақтау туралы» заң талаптарымен түсіндіріп отыр.

Ош қаласының әкімі Жеңісбек Тоқторбаев ережені орындамаған мекемелер қатаң жазаланатынын ескертті.
«Тәртіпті сақтамайтын нысандарды бір айға дейін жарықсыз қалдыруға тура келеді. Әйтпесе рейдтің мәні қалмайды», – деді ол.

Ал Бішкек әкімдігі «Тыныштық сақтау туралы» заңға сүйеніп, мейрамханалар мен түнгі клубтарға сағат 22:00-де жабылу туралы ресми бұйрық шығарған.