Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қырғызстанда елдің әнұранын өзгерту міндеті депутаттарға жүктелді

23


Қырғызстан үкіметі елдің әнұранын өзгерту бойынша жұмыс жасайтын комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды 24.kg. Комиссия құрамына сегіз депутат кірді.

Олар жаңа әнұранның үш нұсқасын ұсынуы керек және оны Жогорку Кеңештің қарауына енгізуі тиіс. Бұл жұмыс 2025 жылдың сәуіріне дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Әнұранды өзгерту идеясын Қырғызстан парламентінің спикері Нұрланбек Шәкіев ұсынды. Ол бұл бастамасын қазіргі нұсқаның елдің КСРО құрамынан шыққаннан кейін қабылданғанымен түсіндірді.

«Әнұран барлық азаматтарға оңай айтылатын болуы керек», — деді Шәкіев.

Оның бұл ұсынысын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қолдады.