Munarmedia.kz 15.04.2026 /Astana/ Бейжіңде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Тайваньдағы Гоминьдан партиясының делегациясымен кездесті. Делегацияны Чжэн Ливэнь бастап келді. Бұл — соңғы он жылдағы осындай деңгейдегі алғашқы кездесу болып отыр.
Кездесу барысында тараптар «бір Қытай» қағидатына және «1992 жылғы консенсусқа» адалдығын растады. Олар Тайваньның тәуелсіздігіне қарсы екенін білдірді.
Си Цзиньпин бейбіт даму мен экономикалық ынтымақтастыққа басымдық берілетінін атап өтіп, аралдың егемендігіне бағытталған кез келген қадамға жол берілмейтінін ескертті. Ал Гоминьдан өз кезегінде сенімді нығайту мен мәдени байланыстарды дамыту бағытын қолдады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл кездесу Бейжіңнің «жұмсақ интеграция» стратегиясын көрсетеді. Қытай билігі Гоминьданмен диалогты Тайваньның ішкі саясатына ықпал ету құралы ретінде пайдаланып, экономикалық ынталандыру мен саяси ескертулерді қатар қолдануда.
#Қытай #Тайвань #Гоминьдан #саясат #геосаясат #Munarmedia